Нұрғали Нүсіпжан атындағы бақ



 

                           Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар!

Әрбір елді мекенде ақын, жазушы, қоғам қайраткері бар. Сондай халықтың сүйікті тұлғаларына құрмет көрсетіп бақ жасасақ, қандай керемет! Біз Алматы облысында жаңадан салынған 5 га алма бақтың атауын жерлестерінің атынан атақты әнші, Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері Нұрғали Нүсіпжанның атына бердік.

Қазақ тойды жақсы көреміз. Жиған-тергенімізді тойға  арнайтын халықпыз. Хош! Той деген жақсы, дегенмен, бір-ақ күнде қыруар қаржыны шашқаннан гөрі, неге сол ұлыларымыздың келесі ұрпағы мәңгі пайдаланатын  бақ жасамасқа? Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі орнатқан бақтың  ертеңгі ұрпаққа берер пайдасы ұшан-теңіз.

Ұлт денсаулығы мен ұрпақ болашағы үшін еліміздің көркеюіне, гүлденуіне  үлес қосар игілікті істен қалыс қалмау әрбір азаматтың борышы. Ендеше, игі мұрат жолында бір болайық, ағайын!

                     Гөзел Құлжабаева

  • 1911
13:28
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, өнерімен елдің мерейін өсіріп, әнімен қуаныш сыйлаған өнер иесіне көрсетілген мұндай құрмет өзге жерлерде де өз жалғасын тапса нұр үстіне нұр болмақ. Қоғамның әртүрлі саласында ерен еңбегімен көзге түсіп, елдің алғысына бөленген ардақты жандарға көрсетілген қошемет-құрмет жас ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге болары күмәнсіз.
P.S. Гөзел апай бастаған "Гүлстан" ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
Загрузка...
Форма авторизации
Войдите, используя Ваш аккаунт