"БАТЫР АНА" бағы



           Аналарға бізді өмірге әкелген,

                   Бақ орнаттық қасиетті мекеннен

«Гүлстан» ұжымының бастамасымен ауыл мектебін гүлдендіруден басталған игі шара түрленіп, қанатын кеңге жайып келеді. Былтыр «Аналарға арналған бақ жасайық!» деген үндеу жарияланып, соның негізінде Алматы облысында 10 гектар жерге «Батыр ана» саябағы орнатылды.

Көше, мектеп, елді мекен аттары, оқу орны т.б.  қоғам қайраткерлерінің атына беріліп жатады. Жөн-ақ. Ал, сол алыптарды дүниеге алып келген Аналарға арнап әрбір елді мекеннен саялы әрі мәуелі бақ жасауға неге болмасқа?!  «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтылмайсың» дейді халық даналығы. Батырды да, ақынды да, патшаны да, қараны да өмірге әкелетін – Ана. Анадан асқан ардақты жан жоқ. Аналарға арналған бақ – Анаға көрсетілген зор құрмет. Мұндай өнегелі істің өсіп-өркендеуімізге де әсер-ықпалы болары сөзсіз. Саялы бақтың көрер көзге қуаныш екені, келер ұрпаққа қалар баға жетпес байлық екені өз алдына.

Біз негізін қалаған аналардың құрметіне арналған бүгінгі «Батыр ана» саябағы – ертеңгі  әрбір елді мекенде  орнатылатын бақтардың ең алғашқы іргетасы. Алдағы уақытта игі іс жалғасын тауып, еліміздің түкпір-түкпірінде  ананың құрметіне арналған саябақтар егіледі деген сенімдеміз.

 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей әрбір елді мекенде аналарға арналған бақ жасалып, саябақтар саны көбейгені –Қазақстанның гүлденгені.  Игі бастамамызды мәдениет және  ғылым саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық  мекемелердің көшбасшылары, көршілес қырғыз елі, қоғам қайраткерлері қолдады.

                                Гөзел Құлжабаева

           

"БАТЫР АНА" бағы - контактная информация, телефон, адрес, фото и карта проезда. Заказать виртуальный 3d тур для объкта "БАТЫР АНА" бағы вы можете перейдя в раздел наши услугу. Прочитать отзывы о "БАТЫР АНА" бағы, а также добавить свой отзыв Вы можете на станице ниже.

  • 2533
13:23
Гөзел апайдың «Батыр ана» бағын орнатуы адамды ізгілікке жетелейтін, үлкен істің бастамасы деп білемін. Қазіргі кезде экологиялық ахуал жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отырған ең өзекті мәселе. Сондықтан, осындай үлгілі істі барлығымыз қолдап, өз мүмкіндігімізге әрқайсымыз анамызға арнап ең болмаса бір түп ағаш отырғызсақ қандай жақсы.
Загрузка...
Форма авторизации
Войдите, используя Ваш аккаунт